Балабақшаға тіркеудің бірыңғай базасы болады

Қазан айында бүлдіршіндерді балабақшаға тіркеудің бірыңғай базасы іске қосылады.

2024 жылдың қаңтарынан бастап пилоттық жоба бүкіл республика бойынша қолданылады. Арнайы жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту ісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.