«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатыр

«Ғылым және технологиялық саясат» туралы заң жобасы кезекті қоғамдық талқылаудан өтті.

Игі шараға Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мұрындық болған. Жаңа заң жобасы осыған дейін бірнеше рет талқыланып, ғылым саласының өкілдері өздерінің ұсыныстарын айтқан. Соның бірі ғылыми қызметкердің деңгейін көтеру. Нақтырақ айтсақ, жас ғалымдарға әлеуметтік жеңілдік жасау, зертхналарды заманауи құрылғылармен жабдықтау ұсынылды. Университет қабырғасында онлайн және офлайн форматта өткен жиынға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Ғылым академиясы басшыларының айтуынша, заң жобасы қоғамдық талқылаудан өткен соң жалпыхалықтық ашық талқылауға шығарылады.

Руслан Нұрлыбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА департамент директоры:

- Ғылым дамымай экономикамыз дамымайтынын білгендіктен біз жаңа заң әзірлеп, соны ғалымдардың жұмыс істеуіне, ғылымның дамуына ат салысқалы отырмыз. Ғылыми конкурстар, қаржыландыру түрлері, жас ғалымдарға бөлінетін көңіл, ғалымдардың статусы, ғылымның қай бағытына көбірек көңіл бөліну қажетті, деген сияқты түрлі ұсыныстар айтылуда.