Еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, жел күшейеді

Еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, жел күшейеді
фото: zakon.kz

Антициклонның әсерінен еліміздің бірқатар аймағында бүгін күн ашық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Синоптиктердің болжауынша, мұндай күн райы әсіресе, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында байқалады. Ал Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстанның жекелеген бөлігін тұман бүркейді.