Демалыс күндері жауын-шашын мол түседі
Алдағы тәуліктерде Жерорта теңізінен ауысқан циклон Қазақстанның басым бөлігіне көп мөлшерде ылғал әкеледі.
5 наурызда батыста және оңтүстік аймақтарда жауын, 6 наурызда еліміздің солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады.
Сонымен қатар көктемнің алғашқы аптасының соңына қарай республика бойынша тұман, көктайғақ болжанды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады.