Қар, жаңбыр, найзағай: синоптиктер тұрақсыз ауа райын болжап отыр

Қар, жаңбыр, найзағай: синоптиктер тұрақсыз ауа райын болжап отыр

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнауы мүмкін. Орталық және Шығыс Қазақстанда күшті жаңбыр күтіледі. Осылайша синоптиктер елде тұрақсыз ауа райын болжап отыр. Бірақ солтүстік өңірлерде күн ашық болады.