28 қарашада елорданың бастауыш класс оқушылары онлайн оқитын болады

28 қарашада елорданың бастауыш класс оқушылары онлайн оқитын болады

28 қараша күні елорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады, деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

«Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 28 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылады» делінген ikomekastana.kz таратқан хабарламада.