Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.