Банкроттық туралы арыз 3 наурыздан қабылданады

Банкроттық жариялаймын деген азаматтар арыздарын наурыздың үшінен бастап жібере алады.

Бұл туралы бүгін Сенатта Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті. Оның айтуынша, жақында ведомство жаңа ақпараттық жүйені іске қосып, оны басқа мемлекеттік органдардың порталдарымен біріктірді. Жоба пилоттық негізде екі рет тексерістен өткен.

Айта кетейік, банкроттық ол амнистия емес. Оның салдары бар екенін ұмытпаған жөн,- деді вице-министр. Яғни өзін банкрот деп жариялағандар бес жылдың ішінде несие ала алмайды. Сондай-ақ олардың мәліметтері 7 жыл бойы реестрде тұрады. Екінші рет банкроттық жариялауға мүмкіндік берілмейді. Қаржы министрлігі бұл процедура іске қосылғанда мемлекеттік бюджеттің қанша қаржы жоғалтатынын да жобалап қойыпты.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Банкроттық туралы заңның аясында жеке тұлғалардың қарыздары есептен шығарылады.  Ол жеке тұлғаның табысы деп саналмайды және салық салынбайды. 10 пайыздық салық. Бір триллион қарыз бар. 10 пайызға көбейтсек, 10 триллион шығады. Ол болжамды түрде. Өйткені қазір бұл азаматтар бастапқы қарызын төлей алмай отыр. Сандық екінші сұрақ қой. Сондықтан жергілікті бюджетке кері әсері болмайды деп ойлаймын.