Астанадан барлық бағытқа жол жабық

Кешеден бері күн жылынып көшелерде қар ери бастағаны сол еді, түнде жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Астана қаласынан шығатын барлық бағыт бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді. Мамандар көлік жүргізушілерін де, жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырады.