Демалыс күндері қай өңірде жауын жауатыны белгілі болды

Ел аумағына аптап ыстық келе жатыр.

Алдағы күндері әсіресе оңтүстік аймақтарда температура күрт жоғарылайды. Онда 44 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік облыстарда күндіз 41 градус ыстық болады. Еліміздің орталығында да сынап бағанасы 40 градустан жоғарылайды. Шығыс, оңтүстік-шығыс бөлікте температура плюс 30-39 шамасында сақталады. Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде жел күшейіп, құмды дауыл соғады.

Алина Исмағұлова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы:

- Алдағы демалыс күндері аптап ыстық сақталады. Оңтүстік ағымнан қуат алатын антициклон жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі күн райына әсер етеді. Тек еліміздің батыс және оңтүстік-батыстың таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады.