Жетісу өңірі мен Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын жауады

Жетісу өңірі мен Алматы облысының таулы аймақтарында қалың жауын өтеді.

Қазгидрометтің хабарлауынша кей тұстарда дауыл тұрып, бұршақ, оның артынша қар аралас жаңбыр жаууы да ықтимал. Ал елдің өзге аймақтарында ара-тұра жел тұрғанмен тыныш. Тек Арқа және солтүсітк пен батыста түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Ал Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күн 38 градусқа дейін ысиды. Көптеген аудандарда өрт қаупі бар. Жалпы сарша тамызды қазақтың бір атауы - Сүмбіле. Сүмбіле туса су суыр деген бұрыңғылардың айтуы осы шақтан бастау алса керек.