Елдің 11 облысында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде көлік қатынасы әлі де қиындап тұр.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 11 облыстағы республикалық автожолдардың 18 учаскесінде транспорт қозғалысы шектелді. Қазір трассаларды күтіп-ұстауға 600-ден астам техника мен 1500-ге жуық адам жұмылдырылған.