Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 ақпанда Шымкент қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қарлы боран, жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

25-27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, қар жауады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, орталықта күндіз солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.