Бас санитар Атырау облысындағы эпидахуалмен танысты

Тасқыннан зардап шеккен аумақтардағы тазалық жұмысына көбірек техника тарту қажет.

Себебі күн жылыған сайын түрлі инфекциялық аурудың таралу қаупі бар. Атырау облысына барған бас санитар дәрігер түсіндіру жүргізіп, инфекцияларға қарсы вакциналауды қолға алуды тапсырды. Айжан Есмағамбетова өңірге сапары кезінде бірқатар медициналық нысанды аралап қайтты. Олардың ішінде бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын Жылыой аудандық емханасы, 75 орындық модульді аурухана мен 150 орындық аудандық аурухана бар. Сондай-ақ бас санитар дәрігер Құлсарыда орналасқан эвакуациялық пунктіге барды. Онда Айжан Есмағамбетова медициналық ұйымдардың жабдықталуын көріп, эпидемиологиялық ахуалымен танысты.