Елімізде ескі несиелер кешірілуі мүмкін

Кредиті жоқ адамды кездестірсек таңғалатын заманда бұл жаңалық бірден назарға түседі. Қаржы министрлігі осыған қатысты мән жайды түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Бюджет кодексіне «Үмітсіз берешек» түсінігін енгізіп, ол бойынша кредитордың талаптарын тоқтату ұсынылды. Бірақ «бұл 90-шы жылдардағы өтелмеген қарыздармен байланысты. Елдің несие портфелін мерзімі өткен берешектен тазарту үшін жасалып отыр. Жобада борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы ақпараттың жоқтығы атап көрсетілген. «Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес», – делінген хабарламада. Қаржы министрлігінің ақпаратына сенсек,  «Әңгіме халыққа берілген несиелер туралы емес. 90-жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер туралы болып отыр.  Мемлекеттен алынған қандай соманы есептен шығаратыны әзірге белгісіз. Бір анағы «Қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр. Бірақ жыл басында қарыз шамамен 120 миллиард теңге болған. Ал Үкіметтің талаптарын тоқтату заңмен белгіленбеген» деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

БОРЫШКЕРЛЕР АЗАЙДЫ

Қазақстандықтар ипотеканы уақыты төлей бастаған. Сарапшылар соңғы жарты жылда жеке тұлғалардың ипотекалық портфелі жақсарғанын айтты. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады. Осы айдың басында несиені үш айдан артық төлемеген борышкерлердің үлесі 2,4% болды. Былтыр бұл көрсеткіш 3.6 % болған, ал 2020-да  8.2 %. Несені мерзімінен кешіктіріп төлейтіндердің азайғаны осыдан-ақ байқалады. Бірақ жыл басынан бері ел азаматтары 5 триллион теңгеге жуық несие алған. Оның басым бөлігі тұтынушылық және ипотекалық кредиттер.

АРЗАН ҚУАТ КӨЗІ

Әлемде газ қымбаттап, электр энергиясына сұраныс артып барады. Салдарынан көмір электртсанцияларының өндіріс көлемі ұлғайды. Былтыр қуат көзінің осы түрінен шыққан электр энергиясы сағатына 10 мың тераваттан асты. Ал биыл әлем халқы бұдан да көп тұтынады деген болжам бар. Өйткені Еуропа мен Азия қымбат газдан бас тартты. Сарапшылар осылай дейді.

Айта кету кету, керек былтыр әлемде көмір өндірісі қысқарды. Бұл декарбонизация, яғни көміртегі бөлінісін азайту аясында бірқатар елдерде көмір шахталарының жабылуымен байланысты. Дегенмен биыл бұл үрдіс тоқтап, көмір өндірісі рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қазір ауаны ластаумен күреске қарағанда, осы қуат көзіне сұраныстың артуына басымдық беріліп отыр. Жалпы соңғы он жылда көмір генерациясы басқа қуат көздерімен салыстырғанда баяу дамыды. Бүкіл әлемде өндірісте көмірдің үлесі 2013 жылғы 40%-тен 2021 жылы 36%-ке дейін төмендеді. Бірақ электр энергиясына сұраныстың өсуі барлық қуат көздеріне серпін берді.

ӘЛЕМДЕ КӨМІР ӨНДІРІСІ ӨСЕДІ

Көмір өндірісі 2027 жылға дейін өседі. Өйткені газ бен жасыл энергетика қымбат.Тіпті көгілдір отын мен мұнайды сатып алып жатқан, Қытай мен Үндістан өз кеншілерін өндірісті арттыруға шақырады. Мұның бәрі елді жанармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіп, қымбат импорттық көмір мен газға тәуелділікті азайту үшін жасалып отыр.  Қытайда биыл 2 миллион тоннадан астам көмір өндірілді. Үндістанда қаңтар-мамыр аралығында 393 миллион тонна өнім шығарылды. Дегенмен, әлемде жанармай тапшылығы әлі бар. Салдарынан баға үнемі өсіп жатыр. АҚШ пен ЕО санкциялары жағдайды ушықтырды. Әрі көмірдің қымбаттауын одан сайын жеделдетті. Өйткені көмір өзге қуат көздерінен арзан болғанымен, оның тасымалы өте қымбат. Ал санкциялар тауар тасымалын өзгерттуге итермеледі.