Саудадағы сенімді серіктес

Қазақстанның сауда-саттықта негізгі 3 стратегиялық серіктесі бар.

Алғашқы екеуі қос көршіміз - Ресей мен Қытай. Олардың ізін Италия жалғап келеді. Сыртқы сауда айналымының 11 пайызы дәл осы кәрі құрлықтағы басты бейілдес елге тиесілі. Астана мен Рим берік байланысты әрі қарай да арттырғысы келеді. Себебі, бұл екі жаққа да тиімді. Мәселен, былтырғы 10 айда Қазақстан Италияға 12,1 млрд доллардың тауарын сатты. Импорт - 1 млрд доллар. Инвестициялық әлеует те қарқынды. Былтыр алғашқы жарты жылдықта елге 70 млн доллардан аса қаржы құйылды. Қазақ жерінде 300-ден аса италиялық компания жұмыс істейді. Олардың дені құрылыс, сауда, ғылыми-техника саласында.

Саудадағы стратегиялық серіктестер:

  • Ресей            
  • Қытай         
  • Италия

Қазақстан-Италия

Экспорт – $12,1 млрд

Импорт – $1 млрд

Елге тартылған инвестиция –  $75,9 млн

Елдегі италиялық компания – 303