356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың «Белдеу және жол» бойындағы елдермен сауда айналымы 5 трлн АҚШ долларына жеткен

  • 123
Қытайдың «Белдеу және жол» бойындағы елдермен сауда айналымы 5 трлн АҚШ долларына жеткен

«Бір белдеу, бір жол» табысты жоба екенін байқатты.

Ресми Бейжің ұстанымы осы. 2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин Астанада Назарбаев университетінде алғаш рет «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін» жандандыру жөніндегі ұсынысын жариялады. Ал Индонезияда «21 ғасырдағы теңіздегі жібек жолы» идеясын ортаға салды. Кейін осы екі стратегиялық бастама «Бір белдеу, бір жол» атауына ие болды. Жобаны Қытаймен бірлесіп жүзеге асыруға әлемдегі 103 мемлекет пен халықаралық ұйым ынта танытты. Ресми Бейжіңнің мәлімдеуінше, соңғы 5 жылда «Белдеу және жол» бойындағы елдермен сауда айналымы 5 триллион АҚШ долларына жетті. Ал Қытайдың бұл мемлекеттерге салған инвестициясы 60 миллиардтан асты. Қазір көптеген ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Шығыстан батысқа қарай қатынайтын жүк пойыздарының саны еселеп өсті. Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» бағыты еліміздің транзиттік әлеуетін арттырды. Бұл маршрут шығыс көршімізді Еуропаның 15 елімен байланыстырады. Әлем экономикасы мен саясаты институтының сарапшысы Ли Янь «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен өзара ұштасып, табысты болғанын айтады.

Ли Янь, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, әлем экономикасы институтының доценті:

– Қытай төрағасының бұл ұсынысты Қазақстанда жария етуінде үлкен мән жатыр. Өйткені қазақ елі – Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында тұрақты әрі аймақтағы экономикасы жақсы дамып келе жатқан мемлекет. Қытайдан Еуропа бағытына шығатын ең қысқа бағытқа ие. «Бір белдеу, бір жол» аясындағы ынтымақтастық барлық тарапқа тиімді екенін қазір көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы