«JETI QAZYNA» коллекциялық монеталары 31 наурызда сатылымға шығады

«JETI QAZYNA» коллекциялық монеталары 31 наурызда сатылымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі 31 наурыздан бастап «Дала қазынасы» сериясынан «JETI QAZYNA» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.

Монеталарды сату әлеуметтік арақашықтық пен эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

«JETI QAZYNA» монеталары:

1) «proof» сапасымен сынамасы 999/1000 алтыннан, номиналы 500 теңгелік, массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, таралымы 1000 дана;

2) «proof» сапасымен сынамасы 925/1000 күмістен, номиналы 5000 теңгелік, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, таралымы 250 дана;

3) «proof» сапасымен сынамасы 925/1000 күмістен, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 3 000 дана;

4) «рrооf-like» сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 200 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 25 000 дана;

5) «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана дайындалды.

Алтын мен күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «Рrооf-like» сапасымен мельхиор қоспасынан және «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік жиынтықта шығарылады.

Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық және биколорлы айналыстағы монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.