Кәсіпкерлерді қолдау бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді

Кәсіпкерлерді қолдау бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді

Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысылтаяң уақытта зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылды. Бұл туралы Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылады. Шағын және орта бизнес несиелері бойынша проценттік мөлшерлемелерді субсидиялау кезеңі 1 шілдеге дейін ұзартылады. Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметке бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін енгізуді тапсырды.