Ел Үкіметі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шараларына кірісті

Егемен Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға қатысты шұғыл іс-шара қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағындағы жанар-жағар май құю стансаларында сұйытылған газдың 180 күнге шекті бағасы бекітілді. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50 теңге деңгейінде болмақ. 200 шақырымнан алшақ аудандарда оның бағасы 55 теңгені құрайды. Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде газ бағасы литріне 60 теңге болады. Алыс аудандарда оның құны 65 теңге. Сондай-ақ Алматы қаласында 65, Нұр-Сұлтанда және Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында газ бағасы 70 теңге болмақ. Сұйытылған мұнай газының электронды сауда алаңдары арқылы сатуға көшу бір жылға шегерілді. Сондай-ақ 180 күнге бензин мен дизелді отын бағасын мемлекеттік реттеу іске аспақ. Мәселен, АИ-80 бензині - 89,  АИ-92 және АИ-93 182 теңге шамасында, ал АИ-95 - 215 теңге деңгейінде болмақ. Жазғы және маусымаралық дизельді отынның Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында оның бағасы 260 теңге болмақ. Сонымен бірге Жаңаөзен қаласында мұнай өңдеу зауытының құрылысын дайындығы жылдамдатылды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?