Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза тапты

Inbusiness.kz

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты.

Әскери қызметшілер ел тыныштығын күзетіп өздеріне жүктелген міндеттерді қайсарлықпен адал атқарды. Көзсіз ерлік жасаған батырдың бірі Мадияр Қайсаров, 5 қаңтарда Қызылорда қаласындағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмды. Қатардағы Айбат Аманов та Талдықорған қаласында құқық бұзған бұзақылармен бетпе бет келіп жанқиярлық ерлік жасады. Жас жауынгерлер 18 бен 19 жастағы сарбаздар.

Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығы, ардагерлері мен барша жеке құрам қаза тапқан жауынгерлердің ата-анасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?