Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер 3,7 млрд теңге өтемақы алды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер 3,7 млрд теңге өтемақы алды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жапа шеккен мыңнан астам кәсіпкер 3,7 млрд теңге сомасында төлем алды.

Олардың ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, логистика, БАҚ және басқа да салалардың субъектілері бар. 10 наурызға дейін тағы 200-ден астам өтінішті қарау жоспарланған. Осылайша кәсіпкерлердің сұрауларының 90% қанағаттандырылады. Бұл туралы «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Алматыға жұмыс сапары кезінде айтты. Асхат Оралов алдымен зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті. Содан кейін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен де жүздесті.

«Қазіргі уақытта партия жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жас буынның түйінді мәселелерін анықтау бойынша кешенді талдау жүргізуде. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жаңа жастар бағдарламасы әзірленіп, ол «Jas Otan» форумында қабылданады», - деді «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Мемлекет басшысы бұл мәселені бақылауында ұстап отыр. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Алматыда 2000-нан астам орта және шағын бизнес нысаны бар. Солардың 1413-і жапа шекті. Қазір оның мыңнан астамының өтініші қаралып, төлем жасалды. Наурыздың ортасына дейін тағы 200 өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі.