Министр Е.Жамаубаев қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді

Министр Е.Жамаубаев қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысында болып, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар барысында министр сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесіп, мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларымен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және бизнес өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Министр өз сөзінде кеден шекарасындағы жұмыс тәртібін түбегейлі қайта қарау керектігін айтты, бұл туралы Мемлекет басшысы таяудағы тапсырмасында ескерту жасаған. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымының қарқынды өсуін, сондай-ақ Өзбекстаннан ЕАЭО елдеріне тауар транзиті көлемінің ұлғаюын атап өтті. Осылайша сыртқы экономикалық қызметті жүргізуге ашық және тең жағдайлар жасалатын болады. Бұл ретте құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін, электронды шот-фактуралар мониторингі және басқа фискалды құралдарды пайдалану арқылы бизнестің заңсыз әрекеттеріне қатаң шаралар қолданылатын болады.

«Бір күндік фирмалар, жалған декларациялар және басқа да осындай «ойындар» өткеннің еншісінде қалуы тиіс. Өз кезегінде біз тиісті кадрлық шешімдер қабылдадық», - деді Ерұлан Жамаубаев. Министр өңірдің транзиттік-көліктік әлеуеті тауарлар өткізу процестерін жеделдетуге бағытталғанын және екі мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Қаржы министрі Мемлекет басшысының кедендік әкімшілендіруді жақсарту және бюджетке қосымша кедендік төлемдер мен салықтарды ұлғайту бойынша міндет қойғанын атап өтті. Жаңа Қазақстан халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуды және ұлттық табысты дұрыс бөлуді талап етеді. Осыған байланысты кеден жұмысындағы бизнес-процестерді жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданады. Жалпы ол мемлекет сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-орта құрып жатқанын атап өтті. Кеден инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жетілдірілуде, өткізу пунктері жаңғыртылуда және бақылау рәсімдері мен шараларын орташа цифрландыру жүзеге асып жатыр. 2021 жылдың сәуір айында Б.Қонысбаев атындағы жаңғыртылған өткізу пункті пайдалануға берілді. 2024 жылдың соңына дейін «Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» өткізу пункттерін жаңғырту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, шекарадағы көлік ағыны соңғы 7 жылда тұрақты өсіп, 10 есе ұлғайды. 2021 жылғы тауар айналымының көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18%-ке артық. Мемлекеттер алдында өзара сауда деңгейін 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсаты тұр.