Түркі елдері азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді

Түркі елдері азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді

Мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық 19 компания өз өнімдерін Өзбекстанға экспорттайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрі Ташкентке сапары кезінде бірқатар келісімге қол қойды. Өзбекстан астанасында Түркі мемлекеттері және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің кеңесі өтті. Министр Ербол Қарашөкеев әріптестерімен екіжақты келіссөз өткізіп, халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алысты. «Қазақстан түркі елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын ұлғайтуға мүдделі. Қазір бірқатар компания жаңа нарықтарды игеруді жалғастырып жатыр», деді министр. Бұған дейін Өзбекстанға мал шаруашылығы өнімін экспорттайтын қазақстандық 37 кәсіпорын бар болса, қазір олардың саны 56-ға жетті.

Бағдат Әмреев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы

Түркі елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы ішкі өнім көлемі ауқымды. Сұраныс алдағы 30 жылда қазіргіден екі есе өседі деп болжанып отыр. Агрофорумға 400-дей компания қатысып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлері ресми және бейресми түрде де кездесті. Барлық тарап осы саладағы кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі. Қолдау жеткілікті болса, түркі елдері бірін-бірі барлық қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алады.