Ұлттық банк алғашқы макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі осы айдан бастап макроэкономикалық сауалнаманы жариялауға кірісті. Мұндағы мақсат Ұлттық Банк пен нарықтағы кәсіби қатысушылардың арасындағы байланысты нығайту болып отыр. Сарапшылар қауымдастығымен диалог орнату, арадағы ақпараттық алшақтықты реттеуге бағытталады.

Сауалнамаға еліміз бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты.  Респонденттердің қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Болашақта бұл тізім кеңейе түсуі мүмкін.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚҰБ төрағасының орынбасары:

- Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайды. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайың дамуына қатысты, нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтілетін болжамдарына шолу жасалған. 

Сауалнаманы жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр. Ал нәтижелері Ұлттық Банктің ресми сайтындағы макроэкономикалық сауалнама бөлімінде жарияланады.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚҰБ төрағасының орынбасары:

- Бұдан былай респонденттердің болжамына негізделген деректердің жинақталуына қарай жарияланымдағы ақпарат толықтырылып отырады. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жарияланғаннан кейін алғышарттар мен болжамдарды талқылау үшін сауалнамаға қатысушылармен кездесу өткізу жоспарда бар. 

Мамандар  бұл сауалнама, нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне сүйеніп жасалғанын айтады.

Айнұр Қуатқызы