Қазақстанның Ресей аймақтарымен экономикалық қарым-қатынасы кеңейіп келеді
Қазақстанның Ресей аймақтарымен сауда-экономикалық қарым-қатынасы кеңейіп келеді.
Ресейдің 89 субъектісінің 76-сы қазақстандық серіктерстерімен тікелей байланыс орнатқан. Былтыр екі елі арасындағы сауда айналымы 25,6 миллиард доллардан асты. Қазақстан мен Иркутск облысы арасындағы сауда-саттық биыл екі есе артты. Иркутск өнім шығарушылары біздің елге химия өнеркәсібі, машина жасау және ағаш өнімдерін тасымалдайды. Ал Қазастаннан бұл аймаққа ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, темір, азық-түлік тауарлары экспортталады. Биыл оның көлемі 48 процентке ұлғайған. Аймақта 4 ірі бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр.
Руслан Болотов, Иркутск мэрі:
- Қазақстанмен сауда-экономикалық ынытмақтастығымыздың әлеуеті де зор. Мысалы алюминий, кабель шығару, медицина жабдықтары саласын айтуға болады. Олардың көбі өзінің тиімділігін дәлелдеген бірегей өнім.