Жетісу облысындағы зауыт қант құрағын өңдейді

Жетісу облысындағы Ақсу қант зауыты ақпан айынан бастап қант құрағын өңдей бастайды.

Тоқтап тұрған өндіріс орнын тездетіп іске қосуды мемлекет басшысы өңірге жасаған сапарында тапсырған болатын. Президент аймақтағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізуді міндеттеген еді. Соған сәйкес мекемеде жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Нақтырақ айтқанда қосымша құрал-жабдықтар әкелініп, қант қызылшасына арналған техника құрақты өңдейтіндей етіп жасалып жатыр. Құмшекер өндірудің жаңа тәсілі толық енгізілгенде зауыт жыл бойы жұмыс істейтін болады. 

Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:

- Тросникті өңдеуге осыдан жұмыс жасауға нақты тапсырма берілді. Бұйырса осы сегіз айдың ішінде олар 80 мың тонна тросникті өңдеуге кірісуі керек.