Еуразиялық одақтың экономикалық ахуалы белгілі болды

Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы ішкі өнімінің төмендеуі бір жылда шамамен 2,2-2,9%-ті құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия осылай деп пайымдап отыр. Беларусь пен Ресейдің ЖІӨ азайғанымен Арменияда қаңтар-қыркүйек айларында экономикалық белсенділік көрсеткіші 14%-ға артқан. Ал Қазақстанның ЖІӨ 2,8%-ға, Қырғызстанда 7,2%-ға өскен. Мәліметтер биылғы жылы Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық Кеңестің соңғы қорытынды отырысында жарияланды. Одақ штаб-пәтері бірлестіктегі макроэкономикалық жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми өкілі:

- Биылғы жыл қиындау болды. Геосаяси мәселелерге байланысты Комиссия жыл бойы Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының тұрақтылығын арттыру бойынша көп жұмыс атқарды. Уақтылы қолға алынған тиімді шаралар макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Одақтың қазіргі ахуалға бейімделу мүмкіндігі зор.