Абай облысының фермерлеріне лизингке техника рәсімдеу жеңілдеді

Семейде аграрлық-несиелік корпорациясының жаңа филиалдары ашылды.

Енді дихандар ауылшаруашылығына қажетті тракторлар мен құрал-саймандарды алысқа бармай-ақ, жергілікті жерден ала алады. Бұл техникалық базаны жаңартып, аймақтағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мүмкіндік береді.

Абай облысының фермерлеріне лизингке техника рәсімдеу жеңілдеді. Семейде аграрлық-несиелік корпорациясының жаңа филиалдары ашылды. Енді дихандар ауылшаруашылығына қажетті тракторлар мен құрал-саймандарды алысқа бармай-ақ, жергілікті жерден ала алады. Бұл техникалық базаны жаңартып, аймақтағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мүмкіндік береді. 

Абайлық шаруалар енді лизинге техника алам деп жүздеген шақырым сенделмейтін болды. Семейде аграрлық-несиелік корпорациясының филиалы жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерлердің жол шығындарын айтарлықтай азайтып отыр.  Әсіресе Бесқарағай, Бородулиха және Абай аудандарының фермерлеріне қолайлы. Тіпті ыңғайлы болу үшін барлық несие ұйымдары бір ғимаратқа шоғырландырылған.  

Айдар Прашев, "Қазагроқаржы" АҚ Басқарма төрағасы:

- Бұл осы уақытқа дейін мемлекеттік қолдаудың игілігін көре алмай келген  көптеген фермерлер үшін үлкен мүмкіндік. Үкіметтен бөлінген қаражат тиімді жұмсалып барлығына жеткізуге күш саламыз. 

Қазірдің өзінде аймақта кем дегенде 650-ден астам шаруа қожалық шарты қолайлы лизингпен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жағдай жасалған. Бұл саланы дамытып жаңа кәсіп ашуға үлкен қолдау болып отыр. Бірақ мамандар қазір шаруалардан кері байланыс күтіп отыр. Олар мемлекеттік қолдауды жұрт барынша ұтымды пайдаланып қалса дейді.

Мақсат Байгелді, "Қазагроқаржы" АҚ Абай облыстық филиалының директоры:

- Кепілдікке техниканың өзі ғана алынады. Бастапқы жарнаның қажеті жоқ. Пайыздық үстемақысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Түптеп келгенде фермер 6 пайызбен ғана төлейді. Былтыр Шығыс Қазақстан облысы бойынша  үш миллиард теңгеге қаржыландырдық. 

Жуырда дәл осындай екі филиал ашу жоспарда. Ендігісі Ұлытау мен Жетісу облыстарында ашылады. 

Руслан Бақытбекұлы