СҚО-да 35 инвестициялық жоба жүзеге асты

Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласындағы көрсеткіш 10,8 ал инвестиция көлемі 3,5%-ке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісі де көш ілгері тұр. Бұған өңірде кешенді даму жоспары мен ірі инвестжобаларды «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы қаржыландыру пилоттық жобасы серпін берген. Аймақта құны 35 млрд-тан асатын 35 жоба іске асты. Алайда елді мекендерде жол жөндеу, ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар баяу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жылу жүйесі мен өзге де инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу үшін қосымша қаражат қажет. Аймақ экономикасын көгілдір отынның жоқтығы тежеп тұр.