Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге дайын

Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге дайын.

Бұл туралы Брюссельде өткен жиында еіліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстанда өндірілетін балық өнімдерін Франция мен Швейцарияға экспорттау туралы келісімшарт жуырда күшіне енеді.

Айта кетерлігі, былтыр ЕуроОдақ елдеріне қазақстандық балық экспорты бір жарым есеге артып, 9 мың тоннаны құрады. Негізгі тұтынушылар - Польша, Словакия, Чехия, Нидерланды, Литва, Латвия, Дания, Австрия және Германия елдері. Жалпы, Қазақстанның сыртқы саудасының үштен бір бөлігі ЕуроОдақ үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, Қазақстаннан еуропалық нарыққа бал, жылқы және сиыр еті, сүт өнімдерін тасымалдау жоспарда бар.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біз бүгін экспортты бастау және кеңейту жөнінде талқыладық. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері - мал шаруашылығы өнімдері, ара балына, жұмыртқаға сұраныс бар. Өткен жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда өте нәтижелі болды. Жалпы, біздің экспорт 50 пайызға өсіп, миллион долларға жетті, дәлірек айтсақ, 995 миллион АҚШ долларын құрады.