S&P болжамы: Қазақстан экономикасының биылғы өсімі – 4,1%

Standard&Poor's Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,1%, ал 2023-2026 жылдары орта есеппен 4%-ға өседі деп болжайды.

Халықаралық агенттік елдің кредиттік рейтингін растап, болжамды «негативтен» «тұрақтыға» жақсартты. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, мемлекеттік сатып алу саласын реформалауға, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.