Цифрлық активтерге сұраныс көбейді

Сондай-ақ Ренат Бектұровтың айтуынша, кейінгі жылдары ұлттық компаниялардың акциясын сатып алуға қызығушылық білдірген отандастарымыздың саны артып келеді.

Қазір акционер болуды барынша қолжетімді етуге жағдай жасалып жатыр. Цифрлық активтерді сатып алуға да сұраныс көбейген.

Ренат Бектұров, «Астана» қаржы орталығының басқарушысы:

- 2018 жылы біздің биржамызда алғаш ІРО «Қазатомөнеркәсіпті» жасағанда 3 мыңға жуық қазақстандық қатысса, «Қазмұнайгазды» ІРО-сына 70 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Біздің азаматтарымыздың да қаржы нарығына деген қызығушылығы артып келе жатыр.