Жетісу облысында кәсіпкерлердің артық төлеген салық ақшасы қайтарылады

Жетісу облысында кәсіпкерлерден 34 млн теңгеден аса салықты асыра төлеген.

Кәсіп иелері заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы білмей артық төлем жасаған. Елімізде былтырдан бастап шағын қазандықтары бар кәсіпорындар салықтан босатылған. Мемлекет жасаған жеңілдіктен бейхабар 90 кәсіпкер шығынға ұшыраған. Қаражаттың артық жиналғаны прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде анықталды.

Ләйлім Әбілмәжінова, облыс прокурорының көмекшісі:

- Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге соммасында төленген салық төлемдерінің соммасын қайтарып берді. Қалған 74 кәсіпкер бойынша соммалар салықтардың басқа түрлеріне есептелді.