«Теңізшевройл» компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда табиғатты ластағаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кәсіпорынның қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды рұқсатсыз шығарғанын анықтады. Мұнай өндіріп жатқан аумақта күкіртсутегі, азот диоксиді мен көміртегі оксидінің шамадан тыс көп болғанын сынама нәтижесі көрсетті. Алайда Теңізшевройл компаниясының өкілдері зиянды шығарындылардың мөлшерден аспағанын мәлімдеген. Жалпы биыл бірінші жарты жылдықта өңірдегі кәсіпорындарға 19 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 68 әкімшілік іс қозғалған. 7 млрд теңгенің үстінде айыппұл салынды. 

Абзал Теміров, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Жалпы алғанда 425 тонна асу фактілері орын алған. 5 тоннадай экологиялық рұқсат алынбай, шығарындылар жүзеге асырғаны белгілі болған. Сонымен қатар резервуар паркі ТШО обьектісінде, сонда резервуар паркінде жердің ластануы фактісі орын алған мұнайдың.