«АрселорМитталға» қарасты барлық шахта жұмысын тоқтатты

«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты көмір департаментінің барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды. 

Мамандар шахталарда газдың бар-жоғын тексеріп шығады.  Алдын ала болжам бойынша апат 700 метр тереңдіктегі шахта лавасында болған.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

- Өрттен кейін шахтада жарылыс болғаны болжанып отыр. Авария болған кезде онда 252 адам болған оның 206 үстіге көтерілген. Қазіргі кезде авариялық құтқару жұмыстары мамандандырылған авариялық қызметінің 10 бөлімшесімен жүргізіліп жатыр.