Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық еркін дамиды

Бұдан былай Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық еркін дамитын болады.

Екі елдің шағын, орта және ірі бизнесі үшін қолайлы жағдай жасалды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ербол Талекенов осылай дейді.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз тәртіп күшіне енді. Сарапшының айтуынша, бұл эл экономикасына серпіліс жасап, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше отандық бизнес қауымдастыққа пайдасы шаш етектен дейді. 

Ербол Талекенов, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры:

- Бұрын шекарадан өту кезінде биза алу үшін 1-2 ай күтетін еді және оған шамамен 250 мың теңгеден артық ақша төлеу керек болған. Осыны пайдаланған кейбір делдалдар виза алып беру үшін жұмыс жасайтын болған Қазір осы кедергілер толық жойылатын болды. Бұл кәсіпкердің тауарды әкелгенде өзіндік құнымен сатуға мүмкіндік туады.