Жетісу облысында қуатты жел электр станциясы салынады

Жетісу облысында Сауд Арабиясының қатысуымен қуаттылығы 1 гигаватт болатын ірі жел электр станциясы салынады.

Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Жиында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кәсіпорын құрылысын 2025 жылы бастау жоспарланған. Премьер-Министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімді бір күнде әзірлеуді тапсырды. Бұдан бөлек кеңесте ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және тағы басқа салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыру тапсырылды.