Көмір бағасына мониторинг жасалды

Қазақстан халық партиясының өкілдері Семейдегі көмір бағасына мониторинг жүргізді.

Олардың рейдке шығуына халықтың шағымы түрткі болған.

Тұрғындардың айтуынша, қаладағы қоймалардан жеткізілетін көмір қымбаттап кеткен. Сапасы да сын көтермейді. Облыс аумағында 9 көмір қоймасы бар. Оның бесеуі Семейде. Мұндағы бір тонна көмір – 14 мың мен 16 мың теңге аралығында.

Ерлан Кеңесбаев, Қазақстан халық партиясы Абай ОФ төрағасының орынбасары:

- Бір ай бұрын жазылу керек. Бір ай бұрын жазылғаннан кейін осында жазылған адам уақыты келгеннен кейін келіп, қанша керек көмірін алады екен. Бізге шағымданған азаматар көп еді. Енді басшыларына шыға алмаймыз. Таба алмаймыз. Басшыларымен келісіп, кездесіп, осы жұмыс жайында үлкен сұрақтарымыз бар еді.