«Ұлттық қор балаларға» жобасы ресми түрде басталды

Бүгін «Ұлттық қор балаларға» жобасы ресми түрде басталды.

Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Енді Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық баланың арасында үлестіріледі. Осылайша жиналған қаражатты білімге немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында «Біз жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдап жатырмыз» деді. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі, балалардың есепшотына түсе бастайды.