Ел бюджетіне цифрлық салықтан ₸36 млрд түсті

Ел бюджетіне «цифрлық салықтан» шамамен 36 млрд теңге түскен.

Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 60-тан астам халықаралық компания жұмыс істейді. Жалпы 2 жылда олардың саны шамамен 1,5 есе өсті. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып «Google салығын» енгізген.  Оны тек шетелдік интернет-компаниялар төлейді. Осыған қатысты бүгін Сенат депутаттары арнайы хаттаманы ратификациялады. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде салық салуға тең жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Электрондық форматта қызмет көрсету кезінде қосымша құн салығын төлеудің бірыңғай тәртібі айқындалады. Одаққа мүше елдер арасында алымның бұл түрін әкімшілендіру жеңілдейді.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Қазіргі таңда бізде осы 5 мемлекет арасында айырмашылық бар. Қосылған құн салығын өңдіріп алу бойынша электронды нысандар бойынша Қазақстан бірінші болып осы мемлекеттердің арасында Google салығын енгізді. Бүгінгі таңда біз өңдіріп отырмыз. Мысалы, Ресей федерациясында ол әлі енгізілген жоқ, ол біріншіден, және де мөлшерлемеміз де өзгеше және де осы «протоколдың» пайда болу себебі, дау шыға бастады. Себебі, мысалы, басқа мемлекеттер салық төлеушілер олар өзінің тұрғылықты жеріне байланысты осы қосылған құн салығын төлей бастады.