Жарықтың түпкі құнын негізсіз көтеретін делдалға қарсы күрес жүреді

Жарықтың түпкі құнын негізсіз көтеретін делдалға қарсы күрес жүреді

Өнімсіз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады.

Қазір министрлер кабинеті Мемлекет басшысының экономиканы демонополизациялау және жасанды түрде құрылған делдалдық тізбектерді жою жөніндегі тапсырмасын іске асыруға кірісті. Басты мақсат тұтынушылар үшін электр энергиясының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды алып тастау. 1 сәуірден бастап Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша елде осындай бірқатар компанияның жұмысы тоқтатылды. Олар нарықта 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келген және бизнеспен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифті өздері белгілеп отырған. Тапқан табыстарын энергетикалық жүйені жаңғыртуға жұмсамаған.

Нұрлан Болатбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

- Жалпы 500 ұйымға лицензия берілді. Бірақ соның ішінде 100-і ғана белсенді жұмыс істеп келеді. Қалғандарында белсенділік жоқ. Енді 20 жыл өтті. 20 жыл ішінде олардың іс-әрекеттері осы нарықта бір тарифті түсіру немесе экономикалық жұмыс істеу байқалмады.