Лондон соты Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты

Лондон соты Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты

Лондон соты WikiLeaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты.

Сотта мәлім болғандай, бұған Ассанждың психикалық денсаулығына қатысты қауіп-күдіктер себеп болған. 

Бұл туралы AFP хабарлады.

Айта кету керек, егер сот АҚШ-тың экстрадиция туралы сұранысын қанағаттандырған жағдайда Ассанж Құрама Шттатар аумағында 175 жыл түрмеге қамалу жазасына кесілер еді. 

Еске сала кетсек, 2010 жылы Швеция Ассанжға «жыныстық емеурін танытты және зорлық жасады» деген айып таққан болатын. Ақыры WikiLeaks-тің негізін қалаушы 2012 жылғы маусым айынан бастап, Лондондағы Эквадор елшілігінде бой тасалауға мәжбүр болды.

Аударған: Г.Абилова