Ұлыбританияда ірі вакциналау орталықтары ашылады

Ұлыбританияда ірі вакциналау орталықтары ашылады

Ұлыбританияда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау үшін үлкен орталықтар ашылғалы жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – Бристоль қаласындағы Аштон Гейт стадионы. Футбол алаңында жасақталған орында тұрғындарды вакциналау келесі аптадан басталмақ. Жалпы елде осындай 7 ірі орталық ашылуы тиіс. Билік ақпан айының ортасына дейін 15 миллион адамды вакциналауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Біріккен корольдікте халықты жаппай вакциналау өткен желтоқсан айында басталған. Ал елде вирусты жұқтырғандар саны 3 милионнан асып, дерттен 80 мыңнан аса науқас көз жұмған.

Никки Канани, дәрігер:

– Халықты вирусқа қарсы егу бағдарламасы – өте ауқымды әрі күрделі шара. Мұнда вакцинаны жеткізуден бастап ақпаратты таратуға дейінгі барлық мәселе ойластырылған. Ең алдымен коронавирус көп қауіп төндіріп тұрған халықтың осал тобын тез арада вакциналау міндеті тұр.