Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау кезінде ЕО агенттігіне қысым жасалды

Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау кезінде ЕО агенттігіне қысым жасалды

Еуроодақтың дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігіне «Пфайзер-Байонтек» вакцинасын мақұлдау кезінде қысым жасалды.

Францияның «Лө Моңд» басылымының хабарлауынша, бұған аталған мекеменің электрон поштасына келген 5 хаттың мазмұны дәлел бола алады. Онда «Пфайзер-Байонтек» екпесінің сапасына күмән келтірілген. Бірақ Еуроодақ басшылары алған бетінен қайтпаған. Бұл құжаттар 9 желтоқсанда жасалған кибершабуыл кезінде қолды болып, кейін интернетте жарияланыпты.