Эстонияда қатаң карантин енгізіледі

Эстонияда қатаң карантин енгізіледі

Эстония билігі 11 наурызда елде карантин енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елде британиялық штамм кеңінен тарала бастаған. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Кая Каллас телеарна арқылы хабарлады. Қатаң шаралар 1 айға дейін күшінде болады. Яғни ертеңнен бастап дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық сауда орындары мен спорт залдар жабылады. Далада жаттығу жасағанның өзінде арақашықтық сақтау талап етілмек. Ал дәмханалар мен мейрамханалар тапсырысты тек жеткізіп береді. Оқушылар мен студенттер де қашықтан оқу форматына ауысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Эстнонияда вакциналау 27 желтоқсанда басталған болатын. Осы айдың басында құтқару департаментінің 31 жастағы қызметкері «АстраЗЕнека» екпесін салдырғаннан кейін көз жұмған еді.