Коронавирус: Таиландта өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Коронавирус: Таиландта өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бір күннің ішінде 31 тұрғынның коронавирустан қайтыс болғанын және 2041 адамның жұқтырғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, 1 жылға жуық уақыт бойы локдаундар енгізіліп, шекарадағы бақылау күшейгенімен, нәтиже байқалмайды. Әсіресе, эпидахуал сәуір айынан бері қатты ушықты. Науқастардың жартысынан астамы коронавирустың британиялық штамын жұқтырған. Таиланд билігі жыл аяғына дейін халықтың 70 процентіне вакцина салуды көздеп отыр.

Сирират Суриуонг, Бангкок тұрғыны:

– Үреймен өмір сүріп келеміз. Өзімізді 100 процент қауіпсіз сезіне алмаймыз. Үкіметтен қайыр жоқ секілді. Әркім өз қамын күйттеуі керек.