Панаманың Табога аралы маңында төгілген мұнай табиғатқа қауіп төндіріп тұр

Панаманың Табога аралы маңында төгілген мұнай табиғатқа қауіп төндіріп тұр

Панаманың Табога аралы маңында мұнай төгіліп, табиғатқа үлкен қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балық шаруашылығы мен туризмге орасан зор зиян келуі мүмкін. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір аумақта тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Билік апат себебін тергеуге кірісті. Полиция сол жерден өткен кемелерді тексеру үстінде.

Флор Питти, «Shark Defenders» ұйымының өкілі:

- Мұнай бірінші рет төгіліп тұрған жоқ. Мұндай жағдай аралда айына кейде 3 рет қайталанады.