Канадада туған күн кешіндегі атыстан 4 адам жараланды

Канадада туған күн кешіндегі атыстан 4 адам жараланды

Далада баланың туған күнін тойлап жатқан көпшілікке әлдекімдер оқ атқан. Оқиға Канаданың Торонто қаласында болған. 4 адам жараланды.

Зардап шеккендер арасында бір сәби мен 5 жасар қыз және 11 жастағы бала бар. Төртіншісі жас жігіт. Дәрігерлер екі кішкене қыз бен баланың халі ауыр екенін, ал сәбидің өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтады. Полиция қандықол қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Қаскөйлер адамдарға оқ атқан соң оқиға орнынан із суытып үлгерген. Олардың не себепті қару қолданғаны белгісіз.

Рон Тавернер, полиция офицері:

- Бұл қасақана ұйымдастырылған емес, кездейсоқ болған оқиға деп ойлаймыз. Күдіктілер атыс болған жерден көлікке мініп қашып кеткен. Қазір қылмыскерлерді табуға бар күшімізді салып жатырмыз.