Эстонияда өздігінен жүретін автобус пайда болды

Эстонияда өздігінен жүретін автобус пайда болды

Эстонияның Тарту қаласында жүргізушіні қажет етпейтін, өздігінен жүретін автобус пайда болды.

Қоғамдық көліктің тағы бір ерекшелігі сутегімен қозғалады. Автобуста 6 жолаушы отырады. Оны жергілікті Тарту университеті мен өздігінен жүретін көлік құрастыратын компания бірлесіп жасаған. Авторлардың айтуынша, автобус бар болғаны 2 минуттың ішінде толық қуатталады.

Заманауи техниканы қоғамдық көлік қатарына қосу рәсіміне президент Керсти Кальюлайдтың өзі қатысты.